Мақсаты: Халқымыздың көсемі болған билер – Әйтеке мен Балпық би туралы ақпарат беру, би сөзінің мағынасына үңілу, Билерден қалған ұлағатты сөздерді мәнерлеп оқу арқылы оның мазмұнын түсіну.
Тарихи сағат қаламыздағы №7 жалпы білім беретін мектептің кітапханасында өтті. Оған осы мектептің 5 «ә» сынып оқушылары қатысты. «Қазақтың ұлы билері – Әйтеке би, Балпық би» тақырыбындағы шараны кітапханашы А.Бектас жүргізді. Оқушылар «би» деген сөздің мән – мағынасын жан-жақты талқылады. Әйтеке мен Балпық бидің қысқаша өмірбаянымен танысып, олардың қалдырып кеткен нақыл сөздерін мәнерлеп оқыды. Ел бірлігі мен ынтымағы жолында аянбай еңбек еткен билердің өнегелі өмірі туралы да деректер келтірілді.
Қатысқандар: 22