Мақсаты: Басылым мақсаты – мектеп оқулықтарына көмекші болып, өсіп келе жатқан қазақ ұрпағына өз ана тілінің мәйегін сіңіру, өз ұлтының әдебиет арқылы келетін қайталанбас құндылықтарымен сусындату. «Балдырған» бүлдіршіндерді имандылыққа, еңбек сүйгіштікке, отаншылдық рухқа тәрбиелейтін басылымдармен таныстыру.
Шараға Б. Момышұлы атындағы №1-ші мектеп-гимназиясының 4 «Б» сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы Б. Аимбетова оқушыларды балалар басылымдары газет пен журналдармен таныстырды, оның ішінде: «Ұлан», «Балдырған», «Сиқырлы сандық», «Ақжелкен», «Ертегі елінде», «Хан талапай», «Бала Би» т.б. Осы аталып өткен газет журналдардың барлығы пайдалы және қызықты ақпараттар бере отырып, балалар мен жасөспірімдердің ойда жүрген сұрақтарына жауап бере алады. Сонымен қатар, балаларды алғыр, жан-жақты етіп тәрбиелейді, бос уақыттарын пайдалы етіп өткізуге көмектеседі.