Мақсаты: Қазіргі қыздар мен бұрынғы қыздардың тәрбиесі жайлы айтып, қыздарымыздың қазақи ар намыстан, ұятынан ажырамай, қазақ қызына тән ибалы болулары жайында түсінік беру мен қатар,бүгінгі қызғалдақ қыздарымыз - ертеңгі ибалы да инабатты келін, болашақ ана, ақ жаулықты әже екендіктерін ескерсек сол ұлағаттылық ұяда, өзінің казіргі кескін-келбетінен басталатынын саналарына сіңіре айту.                                                                                                                                              

Аталмыш ісшараға №27 мектептің 8 сынып оқушылары қатысты. Шара №16 мектептің 3 сынып оқушысы Ажмағамбет Заңғардың орындауындағы «Балбырауын» күйімен ашылды.

Сайыс 5 кезеңнен тұрды:       

1. «Тегін білу – тектілік». (өзін таныстыру)
2.  «Өнермен өрге жүзерміз» сайысы (өз өнерін көрсету)

3. «Ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүр» бойынша көрініс көрсету

4. «Ұмыт болған ұлттық тағамдарды жаңғырту» «Дәм – думан» сайысы. 
5. «Ана көрген тон пішер» сайысы. Қол өнер бұйымдармен таныстыру
      Шара барысында отбасы құндылықтарын сақтай отырып, қазақи менталитетімізге сай ибалылық, кішіпейілділік қонақжайлылық, мейірімділік, жақсыға құштарлықты бойға сіңіре білген отбасылардың келіндерінің тартымды сайысы орын алды.                                        

Сайысқа 6 отбасылы келіндер қатысып, әр қайсысынан қазақилық леп сезіліп, отбасы ошақ қасында бесік тербеп, бала тәрбиелеп отырған аналардың өмірлік ұстанымдары дәріптелді. сұрақтар қойылып,  қатысушылар ұлттық салт-дәстүрімізден арнайы дайындаған көріністер қойды.  Әділ қазы келіндердің бағасын берді. Келіндер сайысы тартысты да, қызықты өтті. Көрермендерге кітапханашы «Қош келдің Наурыз» атты кітап көрмемен таныстырып салт-дәстүрге байланысты сұрақтар қойылды.

Қорытындысында Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Шахманова Гүлбану Темірбалатқызы және Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының әдіскері Үрпіш Мергүл Шаяхметқызы, Ақшам тілшісі Алпысбаева Мейрамгүл Саяжанқызы  қатысушыларды марапаттады.

Атап айтсақ,

1-орынға Абишева Айгүл Қайратқызы

2- орынға Жалғасбаева Алтын Құттыбайқызы

3- орынға Бекайдар Айнұр Бекдәулетқызы  марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды.