Мақсаты: мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірге деген құлшыныстарын арттыру; сурет өнеріне деген қызығушылығын анықтап, оларды кітап әлемімен таныстыру.
Ерекше балаларға үйде арнаулы әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің тәрбиеленушілеріне арналған шара барысында орыс халқының «Үйшік», «Бауырсақ» ертегілері таныстырылды. Балалар осы ертегінің желісі бойынша өздеріне ұнаған ертегі кейіпкерлерін бейнеледі. Кітапханашы А.Бектас ертегілердің қысқаша мазмұнымен таныстырып, олардың қиялын ұштады. Ертегі арқылы жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге шақырды. Өз кезегінде ерекше жандар өздерінің тәрбиеленушілерімен бірге сурет салып, кітап ақтарып, біліммен сусындады.