Мақсаты: Заң алдында жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу. Оқушылардың өз құқықтарын қорғай білуге үйрету.
Шараға Б. Момышұлы атындағы №1-ші мектеп-гимназиясының 7 «Б» сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы Б.Толкимбекова оқушыларды «Ел тірегі, ел бақыты–ата заң» тақырыбындағы кітап көрмеге шолу жасап «Тәрбие және құқық», Е. Алауханов «Қылмыстан қорғануға бола ма?» Т.Б. Шікірбаев «Отбасы құқық», Е. Сейілханов «Сот ісін жіргізу», «ҚР тілдер туралы негізгі заң актілері», «ҚР конституциясы», «ҚР қылмыс кодексі», Ғ.Сапарғалиев «ҚР мемлекеті мен құқығының негіздері» Г.А. Жайлин «Азаматтық құқық», Д.Райманов «ҚР банк құқығы» кітаптарымен газет пен журналдармен таныстырды, оның ішінде: «Заң және Заман» С. Трафимова «Символы независемости Казахстана» т.б. Осы аталып өткен газет журналдардың барлығы пайдалы және өмірге керекті ақпараттар бере отырып, балалар мен жасөспірімдердің ойда жүрген сұрақтарына жауап бере алады. Сонымен қатар, балаларды алғыр, жан-жақты етіп тәрбиелеп, өмір жолында уақыттарын пайдалы етіп өткізуге көмектеседі.