Мақсаты: Кітапхана қорындағы ерекше кітаппен таныстыру; ерекше форматта безендірілген кітаптар арқылы оқушылардың кітапқа деген қызығушылығы мен ынтасын ояту.  

Балалар мен жасөсіпірімдер кітапханасында кітап қоры мол. Сол кітаптардың ішінде оқырмандардың ерекше ықыласына бөленген кітап «Моя Родина Казахстан» кітабы. Бұл кітаптың ерекшелігі сол оның дизайны киіз үй пішіндес. Ұлттық нақыштағы бұл кітаптың парақтары да қатты қағаздан жасалған. Аты айтып тұрғандай, еліміз туралы жан-жақты ақпараттарды топтастырған бұл кітапта мемлекеттік рәміздер, тарихымыз бен мәдениетіміз, еліміздің өңірлері мен табиғаы туралы қызықты ақпараттар жинақталған.