Мақсаты: Үкілі Ыбырайдың шығармашылығымен танысу. Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әнінің шығу тарихымен танысып және бұл әннің «Қыз Жібек» операсына арқау болғандығын білу. Ыбрайдың сан қырлы өнер иесі екендігі туралы ұғым қалыптастыру. Сыпайылыққа тәрбиелеу.
Әдеби шараға қаламыздың Б. Момышұлы атындағы мектебінің 7 «Г» сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы Б.Толкимбекова келген оқырмандарға биыл қазақтың халық сазгері, белгілі әнші Үкілі Ыбырай Сәндібайұлының туғанына 165 жыл толуына орай «Ұмытпа мені, Гаккуім» атты ұсынылған шығармасымен таныстырды.
Қазақтың атақты әнші-ақындары Орынбай, Шөже, Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақтардан үлгі-өнеге алып, олардың шығармашылық дәстүрін бойына сіңірген әнші-сазгер Үкілі Ыбырайдың музыкалық мұрасына тоқталып, соның ішінде «Гәкку» әннің шығу тарихын таныстырды.
Балалар «Гәкку» әннің шығу тарихына қызыға тындап, өлеңді мәнерлеп оқып, ақын өз сезім сырын әнмен жеткізгені жайында әңгіме өрбіді.