Мақсаты: Оқушыларды әдептілік пен инабаттылыққа, мейірбандылық  пен татулыққа, төзімділік пен парасаттылыққа  баулу, ата-аналарымызға  ұлтымызға  жат қылықтардан ұл мен қыз баланы қорғау қажеттілігі туралы ой салу, ортаға ой салу  барысында бала тәрбиесіне  көңіл бөлу.

Осы іс-шараға Бауыржан Момышұлы атындағы №1 мектебінің  9 «Ә» сыныбының  оқушылары мен ұстазы қатысты.Іс-шараға кәмелетке толмағандар істер жөніндегі инспектор М.Зәкірбайұлы келіп қатысты.Оқушыларға тәртіпке бағыну туралы мәлімет беріп өтті.Жасөспірімдерге тәртіпті және адал болуларына,кешкі уақытта көшеде жүрмеуге , мектептегі тәрбиеге қатты көңіл беруге  кеңес берді. Оқушыларға сабақ оқуға ,құқық бұзушылық істемеу керектігін айтып өтті. Оқушылар  көкейлеріндегі   сұрақтарына  жауап  алды.