Мақсаты: өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді меңгеріп жүрген отандастарымызды насихаттау
Челлендж кейіпкері ретінде Есения Курбатова таңдап алынды. Есения Курбатова қаламыздағы С.Сейфуллин гимназиясының оқушысы. Қазақстанда тұрғандықтан қазақ тілін үйрену, білу – бәрімізге міндет деп есептейді ол. Қазақ тілін жетік меңгеру үшін Есения бүгінде «Лингва» оқу орталығындағы қазақ тілі үйрету курсына қатысып жүр.