Шара барысында Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған апталықтың қорытындысы шығарылып, үздік оқырмандар марапатталды.

Мақсаты: Оқырмандарға «Ұлттық кітап күні» туралы ақпарат беру; оларды кітап оқуға ынталандыру; ертегінің адам өміріндегі тәрбиелік маңызын түсіндіру; үздік оқырмандарды оқушыларға үлгі етіп, кітап оқитын жастарды насихаттау.     

Аталмыш іс-шарада орыс халық ертегісі «Бауырсақ» сахналанды. №25 мектептің 2 «Ә» сынып оқушылары сахналаған «Бауырсақ» ертегісі оқырмандардың көңілінен шықты. Іс-шараға Б.Момышұлы атындағы №1  мектеп-гимназиясының 4 «А» сынып оқушылары қатысты. Шара барысында кітаптың адам өміріндегі алатын рөлі кеңінен дәріптелді. Кітапханамыздың тұрақты оқырмандарға осы шара барысында құрмет пен сый көрсетілді.  «Үздік кітапқұмар жұлдызы» номинациясы Абай атындағы №4 мектеп ұстазы А.Абылай, «Ең көп оқитын отбасы» номинациясы Абай атындағы №4 мектеп-лицейдің 8 сынып оқушысы Е.Нұрланқызы, «Оқырман отбасы» номинациясы ағайынды Сұңғат пен Әділет Зият атанды. «Үздік оқырман-2025» номинациясы зейнеткер З.Төлегеноваға бұйырса, «Отбасылық оқудың қуанышы» номинациясы зейнеткер Ә.Сатыбалдинаға тиесілі болды. Номинация иегерлеріне кітапхана атынан мадақтама мен сыйлықтар салтанатты жағдайда табысталды.