Мақсаты: Жас оқырмандарды уақытты тиімді пайдалана отырып, білімін жетілдіруге үлес қосу, оларды кітап оқу мәдениетіне баулу, оқу және ойын арқылы баланың ой- өрісін дамыту

Аталмыс шара Б. Момышұлы атындағы №1 жалпы білім беретін мектебінің 5 «В» сынып оқушылар арасында өтті. Кітапханашы балаларға өтетін ойын  арқылы баланың ой- өрісін дамытып, білімін жетілдіруге болатының айтып өтті.

Сұрақтар: Елмен  туған жерге, біліммен кітапқа байланысты қойылды.                                  Балалар оқылған сұрақтарға жауап беріп, өз білгендерін ортаға салды.

Нәтижесінде келген оқушылар кітапханаға жазылып, өздеріне керекті кітаптарды жаздырып алды.