Мақсаты: Халықты кітап оқуға баулу,кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және сол арқылы кейінгі ұрпақты ұлттың рухани азығымен сусандату. 2025 жылы бұл акция аясында қазақ әдебиетінің қос классигі Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтің шығармалары таңдалды.
ЖББМ №16 мектебінің 6 сынып оқушылары белсене қатысты. Кітапханашы оқушыларға жазушылар жайлы қысқаша мәлімет беріп өтті. Оқушылар Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтың өлең шумақтарын жатқа айтып, қойылған сұрақтарға белсене жауап берді.