Мақсаты: Білімділік оқушыларға  КСРО-ның ыдырауы, Қазақстанның  тәуелсіздік  алуы жайлы мағұлмат бере отырып ,нақты тарихи  заңдылықтарды  түсінуін қалыптастыру.

Қарақат мектеп студиясы мен №3 мектебінің 4 «А» мен сынып жетекшісі және №16 мектебінің  6 «В» сыныбының оқушылары қатысты. Іс-шара барысында кітапханашы  мәлімет беріп өтті.  Оқушылар  өздерінің өлең  шумақтарын айтты: Н.Дат, З.Сағатай, І. Едіге ,  Н.Байтажикова ,А. Әкентай . Өз өнерлері мен ортаға  №16  мектебінің  оқушылары А. Марданбай мен М. Сатбекова  «Қамажай » биімен өнерлерін  көрсетті. Қарақат  мектеп студиясының оқушылары   М.Мақсұт «Домбыра » күйімен М.Бексейт  «Балбұрауын» күйін тартты. Кітапханашы  А. Бейсова  іс-шара барысында  «Қыран елім -Қазақстаным » атты кітап көрмемен таныстырды. Мерекелік кешке қатысқан оқушыларға сыйлықтар берілді.