Мақсаты:  Бұқаралық ақпарат құралдары туралы білім дағдысын кеңейту, балалардың таным белсенділігін арттыру.  Өз елінің тарихын біліп, құрметтеуге тәрбиелеу.

Жеделдік, жаңалықтар сияқты оқиғалар болып жатқан​ қазіргі әлемде​ ​ ақпаратты дер кезінде алу барынша маңызды болып отыр, ​ мерзімдік басылымдарды оқуда оның ролін бағалаудың маңызы зор. Осы орайда, библиограф Ә.Шегебаева кітапханаға келген оқырмандарға мерзімді​ басылымдардың түрлерімен таныстырып өтті.

Қазіргі таңда баланың ойлау қабілетін дамытатын, есте сақтау жұмысын жақсартатын, түрлі тапсырмалармен көмкерілген балаларға арналған көптеген танымдық, дамытушылық, көңіл көтеретін журналдар мен газеттер көп кездеседі. Журналдардың қызығы мен қолжетімділігі өз алдына, география, тарих, өнер және әлем әдебиетімен таныстырады. Кез келген балаларға арналған мерзімді басылым бетінде бас қатырғыштар, сөзжұмбақтар, жұмбақтар, қызықты сауалнамалар және ойындар бар. Кітапханада балалар әртүрлі тақырыптағы журналдардың  топтамасымен танысты «Айгөлек», «Балдырған», «ВундерКинд», «Балалар әлемі», «Алтын сақа», «Әжетай» т.б.