Мақсаты: Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру, мейірімді болуға, бұзақылық пен жаман қылықтардан аулақ жүруге шақыру. 

Бүгінгі дөңгелек үстелге қаламыздағы №7 жалпы білім беретін мектептің 8 «А» сынып оқушыларымен ұстазы Д.Абишева  қатысты. Іс-шара барысында кітапханашы Б. Е.Толкимбекова зорлық-зомбылықтың мәні мен түрлеріне тоқталып өтті. Сондай-ақ, оқушыларға тәртіпті, адал болуға және бұзақылықтан, жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстауға кеңес берді.

Шара соңында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, қатысушылар көрмедегі әдебиеттермен танысты.