Мақсаты: ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстырып, поэзияға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Осы іс-шараға № 7 орта мектебінің  7 «А» сынып оқушылары қатысты. Библиограф Ә.Шегебаева    ақын Сайлаухан Нәкеновтің өмірбаянына тоқталып, шығармаларымен таныстырды және  бұрынғы жинақтарында жарияланбаған туындылары өзінің қолжазбалары мерзімді баспасөз беттерінде  жарық көргенін айтып өтті. Өлең -жырларында ақынның алғаусыз сезімдері, адам мен заман жайындағы толғаныс тебіреністері шынайы жырланады. Оқушылар ақынның «Туған жер», «Ақ арғымақ», «Өнерге зергер хас адам» атты өлеңдерін жатқа оқыды.  Шара соңында библиограф оқушыларға ақынның қаламынан туған отыздан астам поэма мен  өлеңдерінде  сыршылдық, ойшылдығымен, шыншылдық, оттылығымен ерекшеленетінін айтып түсіндірді.