Мақсаты: Балалардың әңгімені тыңдауға деген қызығушылықтарын ояту ,ертегінің мазмұнын түсініп, кейіпкерлер бейнесін елестете білу дағдыларын қалыптастыру.
Аталған іс-шараға мектеп алды даярлық тобы «Ботақан» тобының бүлдіршіндері қатысты. Кітапханашы А.Бейсова балаларға «Бауырсақ» және «Ақша қар» ертегісін оқып берді. Бүлдіршіндер мұқият тыңдап, түсінгендерін қуана -қуана айтып берді. Ертегі кітаптарымен танысып, өздері білетін ертегілерді де айтып бөлісті.