Мақсаты: әлеуметтік желі арқылы оқырмандарға кітап қорындағы ертегі кітаптарын таныстыру.
Ертегінің түрі көп. Қиял-ғажайып ертегілер, хайуанаттар туралы ертегілер, тұрмыс-салт ертегілер. Ертегінің осы түрлерінің барлығы кітапхана қорында бар. Әлеуметтік желіде ертегі түрлері қамтылған кітаптар жарнамаланып, оқырмандарға жан-жақты таныстырылды. Бұрын басылып шыққан кітаптармен қатар, кітапханаға жаңадан келіп түскен ертегі авторларының кітаптары да таныстырылды. Таныстырылған кітаптардың ішінде өзге халықтардың қазақ тіліне аударылған аудармалары да бар.