Мақсаты:  балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру. Үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілдікке, ізеттілікке тәрбиелеу. «Алғыс күні» ұғымының мағынасын ашу, балалардың түсіну, бұл ұғымдар маңызды болып табылады олардың әрқайсысы дамыту үшін мәдени құндылықтар мен адами қарым-қатынасын қалыптастыру.

Шараға  4 «Ә» сыныбының оқушылары мен сынып жетекшісі  Н.Ережепова  белсені қатысты.  Кітапхананың оқу залының  кітапханашысы А.Бейсова  қатысушыларды  көктемнің алғашқы күндерімен қатар  келген Алғыс айту күнімен құттықтады.Ол бұл күннің  мейрімділік, жанашырлық, қамқорлық  сияқты  қасиеттерді дәріптейтін  ерекше мереке екенін атап  өтті. Одан кейін оқушылар ата- аналарына ,ұстаздарына,  достарына ,табиғатқа, күннің шуағына  туған жерге, тіршілік  көзі  суға, сүйікті Отанымызға  алғыс білдіретін тақпақтарын жатқа оқыды. Оқушылар шара соңында мәз-мейрам болып , көтеріңкі көңіл күй мен белсене қатысты.