Мақсаты: Қоғамда  еңбек адамына деген құрметті  арттыру. Жас буынға  адал  еңбекті үлгі, өскелең  ұрпақты  алдыңғы  толқынның   тарихынан  тәлім алып ,өнеге етуге тәрбиелеу.

Индустриалдық колледжінің кітапханасында  ЭГС-22/1 2 тобы студентері қатысты. Кітапханашы А.Бейсова  еңбек туралы  қысқаша мәлімет беріп өтті. Ол әр мамандықтың  өзіне тән қиындығы мен қызығы бар екенін атап өтті.Кәсібінің шебері болу, әрбір жанның мамандыққа деген қызығушылығын арттырады. Е. Назаров,А.Сүлеменов,Д.Өтебаев  игерген  білімдерін  ортаға салып,  алға тартты. Еңбек адамдар туралы  қойылған сұрақтарға белсенді түрде  жауап берді. Сонымен қатар, түрлі мамандықтар туралы кітаптармен танысты.