Мақсаты: Оқушыларға СПИД туралы мәлімет беру.
Оларға жұқпалы ауру екенін түсіндіре отырып, жұқтырмау шараларын әңгімелеу. Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің алдын - алу, оның жұғу жолдарын одан сақтана, қорғана білу туралы түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Аталған іс –шараға қаламыздың №1 Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің 8 «В» сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Миркенова Гүлнұр Жұмағұлқызы қатысты.
Абонемент бөлімінің кітапханашысы Б.Толкимбекова келген оқушыларға
«Құмарлық өмірінді құртады» тақыбындағы іс - шара АИТВ (Вич) және ЖИТС (СПИД) ауруына жалпы тоқталып, мәлімет беріп, осы аурудың алғашқы және негізгі белгілері, одан сақтану жолдары, ауруды алдан –алу және емдеу тәсілін айтып, «Дәрігердің кеңесі» атты бейне сюжет көрсетіп, түсіндіріп өтті.
Шара соңында кітапханашы «Нашақорлық қауіпті әуес» атты кітап көрмесімен таныстырды. Кітап көрмесіне «Салауатты өмір салтын ұстан!» «АИТВ және ЖИТС дегеніміз не?» буклеттерімен «Денсаулық» атты журналдар қойылды.