Мақсаты: кітапхана оқырмандарына мерекелік көңіл-күй сыйлай отыра, олардың шығармашылық қабілеттерін ашу.
Мерекелік шара барысында кітапхана оқырманы Жасмин Сорокоумова, Мерей Сәлімжанқызы «Ән салшы, сарбазым!», «Бауырларым» әнін шырқаса, Динара Оспанова домбырамен «Балбырауын» күйін күмбірлете орындады. Айкүміс Төлеубай «Алаш аманаты» биімен көрерменнің ықыласына бөленсе, Алияр Айтпай, Медина Марғұланқызы, Асылзат Төлеубай, Ясмина Өмірбек сынды оқырмандар өлең оқудан көзге түсті. Оқырмандар спорттық сайысқа да белсене қатысып, асфальтқа сурет салды. Әнұран орындаумен аяқталған, шара соңында барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар мен тәттілер үлестірілді.