Мақсаты: оқушыларды төл тарихымызбен таныстыра отыра, Отырардың билеушісі болған Қайырхан сынды тұлғаның өшпес ерлігін  ұрпаққа өнеге ету; тарихи оқиғаларды айта отыра кітап оқуға, өз тарихымызды танып-білуге үндеу, шақыру, қызықтыру.  

Тарихи сағат №3 жалпы білім беретін мектептің 9 «А» сыныбында өтті. Қазақтың көне тарихы Отырарды билеген тарихи тұлғаның өмірі мен еліне сіңірген еңбегі туралы кеңінен ақпарат берілді. Отырар қаласын Шыңғысханнан қорғаған билеушінің ұлтжандылығы, халқына деген адалдығы туралы да мәліметтер берілді. Оқушылар Қайырханның ерлігі туралы «Шыңғыс ханның қателігі немесе жеңілген жеңімпаз хақындағы Отырар дастаны» атты  шығарма жазған ұлы ақын М.Шахановтың шығармасынан үзінді оқып, өзара талқыға салды. Қазақстан балалар энциклопедиясы «Алтын Орда X-XV ғасырлар атты» кітаптан Қайырхан туралы тың деректерді естіп-біліп, білім көкжиектерін кеңейтті.