Мақсаты: Оқушыларды табиғатты аялауға,қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу. Табиғатпен етене жақын бола отырып,тазалықты сақтау,экологиялық мәдениетті қалыптастыру және серуен арқылы оқушылардың көңіл -күйін көтеру.
Кітапханашы табиғат аясында оқушылармен таза ауада серуендеу ,табиғатты бақылау гүлдер мен ағаштар жайлы мәлімет беріп өтті. Оқушылар табиғатта кітап оқудың ерекше әсерлі екенін айтып,өз ойларымен бөлісті. Қойылған сұрақтарға қуана -қуана белсене жауап берді.Оқушыларға табиғат аясында табиғатта оқу қатты ұнады.