Мақсаты: Оқырмандарға  адам табиғаты, шыдамдылық және  аман қалу тақырыптарын  көрсету. Оның ең танымал  романы «Робинзон  Крузо » адам  рухының беріктігін, қиындықтарды жеңу   жолдарын  және  өркениет пен жабайылық  арасындағы  қарым -қатынасты  зерттейді.

Іс-шараға №25 мектебінің   2 «а» орыс  сыныбының  оқушылары  қатысты. Балаларға  кітапханашы жазушының  өмірі мен  шығармашылығы туралы қызықты мәліметтер  айтып өтті. Сондай-ақ  Д.Дефоның «Невероятные истории» кітабынан үзінді оқылып, содан кейін оқушыларға  «Робинзон Крузо»қызықты  ертегісін баяндап берді.  Шара барысында Робинзон  Крузоның  теңізге сапарға шығып, кеме апатына ұшырағаны,тірі қалу жолында  қандай қиындықтарды еңсергені  туралы айтылды. Сонымен қатар, адам рухының беріктігі мен күрескерлік қасиеті жөнінде  ой қозғалды.