11.04.25ж. Ы.Алтынсарин атындағы №19 мектеп-лицейінің кітапханасында Академик Қаныш Имантайұлы   Сәтбаевтың туған күніне орай «Абзал адам, ғұлама ғалым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Қаныш Сәтбаев: тұлға, патриот, ғалым» атты библиографиялық шолу өткізілді .

Мақсаты: Қаныш Сәтбаевтың өмірбаянымен таныстыру, білімі, ғылыми еңбектері,қоғамдық жұмысы турлы мәлімет беру.

Осы іс-шараға №19 мектебінің 7 «Б» сынып оқушылары қатысты. Библиограф Ә.Шегебаева Қ.Сәтбаевтың өмірі мен қызметтік жолына тоқтала келе, ұлы ғалымның  ғылым жолындағы қайраткерлік қырлары, оның қазақ  ғылымы мен өнеркәсібіне қосқан елеулі үлесін атап өтті. Оқушыларға викториналық сұрақтар қойылып, М.Сәрсекеевтың, А.Брагин, Қ.Исабай, Ә.Әмірәлиннің Қ.И.Сәтбаев туралы жазылған  еңбектерімен таныстырып өтті.