Кітапхана директоры Г.Т. Шахманова қонақтарды жылы қарсы алып, ал Б.Аимбетова кітапхананың тарихы туралы таныстырым жасады. Шараға орталық жетекшісі З. Зуфаровна бастап келді, сондай-ақ осы халықтың өкілдері мен мектеп оқушылары қатысты. Балаларға арналған түрлі ойындар, тестілер сұрақ-жауаптар ұйымдастырылып, кітапхана қызметкерлері қонақтарға шәй ұсынды. Балалар көтерінкі көңіл күймен, тамаша әсермен қайтты.
Бүгін балалар кітапханасында Толеранттық күніне орай татар-башқұрт орталығының қатысуымен іс-шара өтті.







