2025 жылды Жүмысшылар мамандықтар жылы деп белгілеудің мақсаты - ел экономикасының нақты секторына қажет білікті жұмысшы кадрларын дайындауды күшейту, кәсіби техникалық білімнің беделін арттыру, жастарды еңбек нарығындағы заманауи жұмысшы кәсіптеріне тарту және өндіріс салаларында инновациялық технологияларды меңгерген мамандар санын көбейту.   

Іс-шара барысында көрмеге түрлі жұмысшы мамандықтарға арналған кітаптар қойылды, атап айтсақ: Д. Сәрсенбаева «Токарлық іс», И. Захарченко «Технология парикмахерских работ», Т. Тұяқбаев «Маркшейдерлік іс»,  Ш. Әбдіраман «Кен ісі технологиясының негіздері», Н. Кочин «Техникалық механика негіздері» т.б.

  Кітапханашы оқушыларға жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы маңызы мен қажеттілігі туралы түсіндіріп, олардың болашақта сұранысқа ие екендігін атап өтті.