Мақсаты: Кеншілердің еңбегіне құрмет көрсету. Ел экономикасына зор үлес қосып жүрген кеншілердің қажырлы еңбегін дәріптеу. Жас ұрпаққа кен өндірісінің маңызын, бұл мамандықтың жауапкершілігі мен ерекшелігін түсіндіру. Кеншілердің жұмыс жағдайлары мен еңбек қауіпсіздін назарда ұстау қажеттілігіне қоғам назарын аудару.

Шараға № 65-ші Оңтүстік Жезқазған шахтасының кеншісі ардагер  Ж. Аимбетов шақырылды. Шара барысында кітапханашы қонақты мерекемен құттықтап, кеншілердің ел экономикасына қосқан үлесі мен еңбегінің маңыздылығына тоқталды. Одан кейін оқушылардың назарына теледидардан «Ең қауіпті мамандық», «Тор» видео- роликтер көрсетілді. Кездесуге арнайы шақырылған жергілікті кенші, өзінің еңбек жолы, шахтадағы қызықты және киын сәттері туралы әңгімелеп берді. Қатысушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, жылы жүздесу өтті. Сонымен қатар, шара барысында «Кеншінің ауыр жолы», «Жер астындағы тағдыр» сияқты тақырыптық кітаптар: Ш. Әбдіраман «Кенші ісі технологиясының негіздері», Г. Майлыбаева «Мұнай және газды өндіру техникасы мен технологиясы», К. Салыков «Они- гордость Жезказгана», Ю. В. Клюжев «Техника безопасности», фотосүреттер ұйымдастырылды. Шара соңында кеншіге кітапхана атынан сыйлық тапсырылды.