Мақсаты: Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.

Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру. Тапқырлыққа баулып тәрбиелеу. Жылдамдық пен алғырлыққа үйрету.

       Аталмыш іс-шараға қаламыздың №3 жалпы білім беретін мектебінің 5 сыныптың оқушылары белсене қатысып, жоғары деңгейде өтуіне үлестерін қосты. Балалар «Тапқырлар» және «Алғырлар» тобына бөлініп, ойын бес айналым бойынша өтілді, атап айтсақ:  «Ұшқыр ой», «Құпия сандық», «Ойлан тап», «Айшықты сөздер», «Сиқырлы сандық».  Шара барысында балалар кітап туралы көптеген мағлұматтар алып, өз білгендермен бөлісіп, сондай-ақ қызықты интеллектуалды ойындар ойнап, өз  білімдерін ортаға салды.