Мақсаты: Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.

Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру. Тапқырлыққа баулып тәрбиелеу. Жылдамдық пен алғырлыққа үйрету.

     Аталмыш іс-шараға қаламыздың әр мектебінен келген оқушылар белсене қатысып, жоғары деңгейде өтуіне үлестерін қосып отырды. Балалар «Сұңқар» және «Тұлпар» тобына бөлініп интеллектуалды ойынымызды кітапханашы сайыс түрінде жүргізді. Ойын бес айналым бойынша өтілді, атап айтсақ: 

1.Ұшқыр ой

2.Құпия сандық

3.Ойлан тап

4.Айшықты сөздер

5.Білгенге маржан

  Шара барысында балалар кітап туралы көптеген мағлұматтар алып, сондай-ақ қызықты интеллектуалды ойындар ойнап өз білімдерін шындады. Ойын өте қызықты және танымды өтті, балалар риза болды