Мақсаты: Ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойын атап өту, Абай шығармашылығының терең мазмұнын, рухани байлығын оқырмандарға насихаттау, жастарды кітап оқуға, Абайдың даналық ойларынан үлгі алуға баулу, қазақ әдебиеті мен мәдениетіне деген құрметті арттыру.

Аталған конференцияға жалпы білім беретін №7-ші мектебінің 8 «Б» сынып оқушылары және  Абай атындағы №4-ші мектеп-лицейінің 7 «Д» оқушылары белсене қатысты. Іс-шара Абонемент бөлімінің кітапханашысы Б. Аимбетованың кіріспе сөзімен ашылып, Абай Құнанбайұлының қазақ әдебиеті мен мәдениетіндегі орны туралы қысқаша мәлімет берілді.        Конференция барысында кітапханашы Б. Толкимбекова Абай мұрасына арналған слайд көрсетілімін ұсынып, оқушыларды ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстырды. Келесі бөлімде Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің 7 «Д» сынып оқушылары А. Қали  ұлы ақынның өмір жолын, ал А. Рахманқұл Абайдың шығармашылығы туралы баяндамалар жасап, өз ізденістерімен бөлісті. №7-ші мектебінің 8 «Б» сынып оқушылары: Ә. Аимбет «Ғылым таппай мақтанба», Ф. Аимбет «Сабырсыз арсыз еріншек» Қ. Сәдуақас «Күз»,  Ж. Шегебаева «Заман ақыр жастары», Абай атындағы   № 4 мектеп-лицейінің оқушысы: Б. Мұхамбетқали, «Әсемпаз болма әрнеге»  Абайдың өлеңдерін жатқа оқып, қара сөздерінен үзінді келтіріп, көркем сөздерге деген құрметтерін білдірді. Сондай-ақ, конференция барысында оқушылар мен ұстаздар арасында пікір алмасу ұйымдастырылды. Онда Абайдың мұрасының қазіргі қоғам үшін маңыздылығы, адам тәрбиесіндегі орны және жастарға берер тағылымы туралы ойлар айтылды.

Шара соңында кітапханашы Б.Толкимбекова «Абай мұрасы-асыл қазына» атты тақырыптық кітап көрмесін ұйымдастырып, оқушыларды көрмедегі әдебиеттермен таныстырды. Көрмеде келесі кітаптар мен материалдар ұсынылды: Абай Құнанбайұлының жинақтары, Абай туралы зерттеу еңбектер, Абай өлеңдеріне жазылған ән жинақтары, Абайдың қара сөздері, Ақынға арналған заманауи басылымдар. Кітап көрмесі мен слайд оқушылардың кызығушылығын арттырды. Конференция соңында белсенді қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.