Мақсаты: Оқушыларға Тұрар Рысқұловтың өнегелі өмір жолы, халқына, ұрпағына қалдырған мол мұрасы, халқын тендікке жеткізу жолындағы қызметі, 1937-1938 жылдардағы Сталиндік зобалаң тұсындағы қуғын-сүргінге ұшырағаны жөнінде мағлмұмат беру. Осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың шейіт болғандығын түсіндіру.
Іс-шара аясында Б.Момышұлы атындағы №1мектеп-гимназиясының 8 «А» сынып оқушылары қатысып, белсенділік танытты. Шара барысында кітапханашы Б. Аимбетова Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қызметі әрбір қазақ үшін үлгі екенін, ол ұлттың болашағы үшін өз өмірін арнап, қазақ халқының дербестігі мен тәуелсіздігін қорғағанын оқушыларға айтып өтті. Сонымен қатар оқушыларға Т. Рысқұловқа арналған «Т. Рысқұловтың өмір жолы» атты деректі фильм көрсетілді. Бұл деректі фильмнен оқушылар Тұрар Рысқұловтың өнегелі өмір жолы, халқын теңдікке жеткізу жолындағы атқарған қызметімен танысты.
Қатысқан: 22 оқушы