Мақсат: өскелең ұрпаққа жұмысшы мамандықтарын дәріптеу, адал еңбекті бағалауға үндеу.
«Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздарының қатысумен өткен шараға нағыз еңбек адамдары шақырылды. Оның бірі – Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы, еліміздің Құрметті кеншісі, Қазақстанның Еңбек Ері Т.Макишев болса, екіншісі – ұлттық киім тігу шеберханасының иесі, тігінші А.Байболатова. Маңдай термен тапқан адал табыс, мінезді шыңдайтын қажырлы еңбек, өмірлік мамандық таңдай білу сынды тақырыптар – кездесуде көтерілген негізгі мәселе болды. Кездесуге шақырылған жұмысшы мамандығының иелері кез келген үлкен жетістіктің артында – еңбек тұратынын баса айтып, қала жастарын талмай ізденуге, адал еңбек етуге шақырды. Өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіби білікті маман болудың қыр-сырымен бөлісті