Мақсаты: жастар арасында мамандық таңдаудың маңызын әңгіме-диспут арқылы талқылау
Еңбек күніне орай ұйымдастырылған «Мамандығым-мақтанышым» атты әңгіме-диспутқа «Денсаулық» жекеменшік колледжінің «Емдеу ісі-26» топтың студенттері қатысты. Олар мамандық таңдаудағы қиындықтар мен кедергілер турасында ойларымен бөлісті. Өз мамандықтарын мақтан тұтатынын жеткізген олар, дәрігер мамандығының қоғам алдындағы жауапкершілігі туралы да кеңірек әңгімеледі. Дәрігер болудың артықшылығы мен кемшілігі де әңгіме-диспут барысында қызу талқыланды.







