Мақсаты: : Еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру. Еңбек етуге қызығушылықтарын арттыру. Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Іс-шараға қаламыздың Бауыржан Момышұлы атындағы №1 мектебінің 7 «в» сыныбының оқушылары мен ұстазы қатысты. Балаларға еңбек күні туралы мағұлматтар айтып, «Мамандықтың бәрі жақсы » атты бейнеролик көрсетілді. Кітапханашы қатысушыларға тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып, балалар белсене жауап беріп,өзара пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды. Шара соңында  «Әлемнің әміршісі- еңбек»  атты  кітап  көрмесі  ұйымдастырылды. Көрмеде еңбек  және мамандыққа байланысты кітаптар мен журналдар қойылды.