Мақсаты: өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттау; адам өміріндегі басты құндылық – оның өмірі мен денсаулығы екенін түсіндіру.
Аталмыш шараға №25 мектептің «Балдырған» жазғы сауықтыру лагерінің тәрбиеленушілері қатысты. Шара барысында «Денсаулық дегеніміз не?», «Денсаулықты қалай сақтауға болады?» деген сияқты сауалдарға кітапхана қызметкері А. Бектаспен бірлесе жауап іздеді. Денсаулықты сақтау үшін қандай іс-әрекеттер жасап жүргендерімен де қуана-қуана бөлісті. Денсаулыққа зиянын тигізетін әдеттер мен зиянды тамақтар жөнінде де өз ойларын ортаға салды. Шара барысында «Фолиант» баспасынан шыққан Шолпан Оразбаеваның «Тазалықты сүйеміз» кітабындағы мәтіндерді кезектесіп дауыстап оқыды. Мәтін бойынша өздерінің пікірлерімен бөлісіп, денсаулықты сақтаудың жолдарын үйренді. Дұрыс тамақтану, дене шынықтыру, жеке бас гигиенасы, күн тәртібін сақтау сынды ережелерін сақтау арқылы денсаулыққа өте көп пайда әкелуге болатынына көз жеткізген оқушылар, дені сау ұрпақ ұлттың байлығы екенін түсінді. Шара соңында оқушыларға денсаулық тақырыбына арналған энциклопедиялар, мерзімді басылымдар және өзге де балаларға арналған әдебиеттер таныстырылды.