Мақсаты: оқушыларға экстремизм мен терроризм жайлы түсінік беру; діни ағымдардың қоғамға әсерін түсіндіру; діни сауаттылық туралы ой-сана қалыптастыру.

Шараға Б. Момышұлы атындағы мектеп-гимназияның 8 «А» сынып оқушылары қатысты. Сәтбаев қаласының дін сұрақтары бойынша ақпарат және кеңес беру орталығының ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары М.Джумабекова, М.Бугумбаева оқушыларға әлемді алаңдатқан экстремизм мен лаңкестік мәселесі туралы кеңірек әңгімеледі. Дін атын жамылған адасқан ағымдардың құйтырқы саясаты туралы ақпараттандырып, әлеуметтік желідегі сауаттылық мәселесіне де тоқталды. Еліміздің ішкі тұтастығы мен бейбітшілігіне де қауіп төндіріп отырған бұл дерттен аулақ болу үшін оқушыларға арнайы үнпарақшалар таратылды. Ақпараттық қауіпсіздіктен өзін қорғауды үйрететін нұсқаулық та берілді.