Мақсаты: Жастар арасында адам жанын улайтын  заттардан алшақ болуын дәріптеу.

Дүниежүзілік  денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын алкогольдің кесірінен 3 миллионнан астам адам қайтыс болады екен. Олардың 75 пайызы – ер адамдар. Статистика бойынша елімізде орта есеппен әрбір жетінші қылмыскер мас күйінде қылмыс жасайды.

Көрмеде ішімдіктің  салдары мен оның алдын алу жолдары  туралы кітаптар,мақалалар және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кітаптары  қойылды.Кітапханаға келген оқырмандарға  алкогольдің зияны екенін түсіндіре отыра,кітап көрмеден алған әсерлерімен бөлісіп,өмір салты туралы ойларын ортаға салды. Кітап көрмеге қойылған кітаптар «Валеология»,»Нашақорлық қасіреті» т.б суреттер, мәліметтер қойылды.