Мақсаты: Балаларға Г.Родари өмірі мен шығармашылық жолын таныстыру. Г.Родари ертегілерінің жанрлық ерекшелігін көрсету, мәтінді талдау дағдыларын дамыту. 

Іс – шараға  қаламыздың №25 жалпы білім беретін мектебінің 5 «В» сынып оқушылары мен жетекші ұстазы Айтжанова Қымбат Ғалымовна қатысты.

Кітапханашы келген оқушыларға ақын, жазушы ДЖ. Родаридың «Сказки по телефону» кітабындағы ұсынылған шығармалармен таныстырды. Олар: «Про мышь, которая ела кошек»,  «Сказки по телефону», «Приключение Чиполлино», «Торт в небе», «Джельсомино в стране лжецов». Сондай – ақ  ДЖ. Родаридың «Сказки по телефону» кітабының ішінен кішкентай оқырмандарға «Про мышь, которая ела кошек» ертегісінен бейнебаян көрсетілді. Балалар ертегіні қызыға тындап, арасында тақырыпқа сай шығарманы талқылады.  

Шара соңында балалар ертегілер желісінде қойылған викториналық сұрақтарға жауып беріп, өз білімдерін ортаға салды. Нәтижесінде ақының шығармалары балаларға жақсы әсер қалдырды. Қатысушы балалар бұл кітапқа деген қызығушылығы артып, кітапты үйге  оқуға жаздырып алды.