Мақсаты: Кітапханаға келіп түскен жаңа кітаптармен таныстыру. Балаларды кітап оқуға шақыру.

Осы іс-шараға  № 3 орта мектебінің 4 «А» сынып  оқушылары келіп қатысты. Библиограф Ә.Шегебаева балалардың назарына  кітапханаға келіп түскен жаңа кітаптармен таныстырды. Мектеп жасындағы балалардың оқуына арналған кітаптар:  Қазақ әдебиетінің сатирігі О.Әубакировтің «Қағаз қалпақ» атты кітабында балаларға арналған өлеңдері, жаңылпаш пен ертегілері оқылды,  З.Тілеуованың «Көл жағалауындағы көмбе хикаят» атты кітабында  детектив жанрында  оқиға баяндалады,  ал жазушы Н. Мұратәлиевтің «Жасыл көлдің» құпия тұрғыны» хикаяты өзінің таңғажайып, қызықты оқиғаларымен толы, тартымды, балаларды табиғатты қорғауға, жан-жануарларға қамқорлық көрсетуге, өз әрекеті үшін жауапкершілік алуға үйретеді . Б.Қойшыбаевтың «Ғажайып шақ» кітабында балалар мен жасөспірімдер өмірінен жазылған әңгімелер, заманауи және фантастикалық хикаяттар жазылған. Бұл кітаптар балаларға  өте қызықты оқиғаларға толы екені айтылды , шет ел  әдебиетінен ұсынылған  Р.Киплинг «Маугли», П.Бажов «Малахитовая шкатулка»,  швед жазушысы А.Линдгренің тентек «Шатырда тұратын Карлсон қайта ұшып келді»,   «Ұзыншұлық Пиппи достарымен бірге» атты шығармалары  балалар арасында кеңінен  талқылынды .