Мақсаты: Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту. Оқушылардың бойында өз Отаны туралы көбірек білуге деген құштарлықты қалыптастыру, патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілік пен сыйластықты тәрбиелеуге ықпал ету.
Шараға жалпы білім беретін №3 мектебінің 4 «Б» сыныбының оқушылары қатысты. Шара барысында кітапханашы Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу керегін айтып өтті. Оқушыларға «Мемлекеттік рәміздер - менің мақтанышым» бейне-ролик көрсетіліп, балалармен рәміздерге байланысты Байрақ, Елтаңба, Әнұран сөзіне сөйлем құрастырылды. Сондай – ақ байқауда «Рәміздерім- мақтанышым» тақырыбында кітап көрме таныстырылды. Шара соңында сурет байқауының нәтижесі шығарылып, балалар сыйлықтармен марапатталды. Нәтижесінде келген оқырмандар кітапханаға жазылып үйге рәміздерге байланысты кітаптарды жаздырып алды.