Мақсаты: Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру.
Еліміздің Ата заңын құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие беру.
Дөңгелек үстөлге кітапханамыздың тұрақты оқырмандары қатысты.
Шара барысында кітапханашы Б.Толкимбекова ҚР Мемлекеттік Ата –заңына тоқталып, құқық туралы түсіндірді. Балаларға өз құқығын біліп өзін – өзі қорғау туралы айта отырып, өмірдегі кездесетін келеңсіз жағдайлармен таныстыра өтті. Балалардың құқықтық білімін тексере отырып, өз мүдделерін қорғай алатын, өзіндік ұсыныс-пікірлері мен көзқарастарын, ойларын ашық айтатын, сөзге шешен, кемел ойлы, елжанды азамат болу керек екенің айтты. Дөңгелек үстөл соңында «Ел тірегі, ел бақыты – Ата заң» атты кітап көрме таныстырылды. Нәтижесінде келген оқырмандар кітапханаға жазылып үйге Ата –Заң мен рәміздерге байланысты кітаптарды жаздырып алды.







