Мақсаты: Ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту.Ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.
ЖББМ №3 мектебінің 5 сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы оқушыларға ұстаз туралы қысқаша мәлімет беріп,ұстаздық еңбектің қоғам үшін аса маңызды екендігін атап өтті. Сонымен қатар,оқушыларға қызықты сұрақтар қойылып,танымдық ойындар өткізілді.Балалар қойылған сұрақтарға белсенді түрде жауап беріп,өз ойларын ортаға салды.







