Мақсаты:Ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту. Ұстаз  мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.

Ісшараға №7 жалпы білім беретін мектебінің 4сынып оқушылары қатысты. Ойын  І-топ «Достық» тобы, ІІ- топ «Бірлік» тобы болып 4 оқушыдан құрылды. Аталмыш интеллектуалды ойын 3кезеннен құрылды:1.«Кім тапқыр? (Сұрақтарға жауап беру), 2. «Ойлан тап» (ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру), 3. «Сөзтапқыш» (жалғасын тап).

Балалар «Жеті атанды ата» «Мақал сөздің мәйегі» мақал мәтелдерді жалғастыру т. б. көптеген  қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салды.