Мақсаты: Балаларды халқымыздың ізгі қасиеттері имандылық, инабаттылық, іскерлік негізінде тәрбиелеп, әже өнегесінен үлгі алуға, тәрбиелік мәні бар салт дәстүрлерді бойына сіңіруге баулу. Әжелер айтқан, көрсеткен өнегелерінің тиімділігін көрсету. Баланы кішіпейілділікке, қарт адамдарды құрметтей білуге үйрету.

      Аталмыш шараға Б.Момышұлы атындағы мектебінің 7 «Д» сынып оқушылары қатысты. Шараны №3  мектебінің 5 «Б» сынып оқушысы Сәлімжанқызы Мерей мен Әкентай Айзере «Қамажай» биімен ашылды. Кітапханашы Б. Толкимбекова келген көрермендерге отбасы күні жайында мәлімет беріп, отбасы құндылықтарына тоқталды. Сонымен қоса ананың балаға деген мейірімінің ерекше екенін айтып, ата-анамен бауырларына  құрметпен қарап, жылы сөзді жиі айтуды сұрады.

       Аталмыш байқау 5 кезеңнен құрылды.

  1. Таныстыру.
    2. Сұрақ – жауап.
    3. Өз өнері.
    4. Салт - дәстүрден көрініс.
    5. Қазақтың ұлттық асын дайындау.

Байқауға келген «Әжелер ансамблінің» 4 отбасының әжелері қатысып. Әжелер отбасы құндылықтарын сақтай отырып, қазақи менталитетімізге сай өздерін және отбастарын таныстырып, қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз өнерлерін ертіп келген немерелерімен ортаға салып,  ұлттық салт-дәстүрімізден арнайы дайындаған көріністердің мағанасын ашып берді.

Әжелердің байқауы тартысты да, қызықты өтті. Көрермендерге кітапханашы «Отбасы – кіші Отаным» атты кітап көрмемен таныстырып салт-дәстүрге байланысты сұрақтар қойылды.

       Сондай –ақ дайындап әкелген ұлттық асты әділ қазылар алқасына ұсынды. Қорытындысында Әділ қазы алқасы «Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының» кітапханашысы А.Бектас және Б.Момышұлы атындағы мектептің мұғалімі. Балтабекова Фариза Мақсатовна әжелердің бағасын беріп, қатысушыларды марапаттады.

Атап айтсақ;

    Айтбаева Зина  «Асыл әже»

    Ақышбеква Бария, «Мейрімді әже»

   Абиева Бикен «Үлгілі әже»

   Ыдырысрва Сара «Сүйкімді әже» наминациямен марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды.