Мақсаты: : Балаларға еліміздің бас қаласы – Астана туралы мәлімет беру.
Астана туралы деректермен білімін дамыту, оқушылардың ой - өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, тіл байлықтарын дамыту. Қазақстан Республикасының орталығы Астана қаласын мақтан тұта білуге тәрбиелеу және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжанды азамат болуға тәрбиелеу.
Кішкентай оқырмандар мен саяхат жасап абонемент бөлімі және оқу залы мен таныстырып өтті.Кітапханашы Астана қаласының тарихы, көрнекті орындары мен сәулеті туралы қысқаша мәлімет беріп өтті. Балалар Астана жайлы өздері білетіндерін достарымен бөлісіп айтып берді. Сонымен қатар, Астанаға байланысты қызықты сұрақтарға белсенді түрде жауап беріп, өз ойларын ортаға салды.Кітап көрмесіне «Астана-суретшілер көзімен», «Жүрегінде», «Архитектура Астана» атты кітаптар қойылып,балардың назарына ұсынылды.







