Мақсаты: балалар мен жасөспірімдер кітапханасы туралы оқырмандарға жан-жақты түсіндіру; кітапхана ережесі мен тәртібі жөнінде ақпарат беру.

Кітапхана қызметкерлері Б.Толкимбекова, А.Бейсова, А.Бектас бұл күні кітапханаға келген оқырмандарға қызмет көрсетті. Оқырмандарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтай келе, оларға балалар мен жасөспірімдер кітапханасын таныстырды. Оқырмандар бірінші кезекте абономент бөлімі туралы көріп-білді. Осы бөлімнің кітапханашысы Б. Толкимбекова үйге кітап алудың тәртібін, қай жерден қажет кітапты іздеу керектігін түсіндірді. Бұдан кейін оқу залының тәртібі мен ережесі туралы   кітапханашылар А.Бейсова мен А.Бектас әңгімелеп берді. Олар оқырмандарға оқу залындағы кітап қорымен таныстырып, кітапты пайдаланудың тәртібін айтып берді. Оқырмандарға адам өміріндегі кітаптың рөлі мен маңызын жеткізген кітапханашылар, оларды кітап оқуға, кітапхана оқырманы болуға үндеді.