Мақсаты: кітаптың маңызын оқушыларға түсіндіру, кітап арқылы әлем елдерін таныстыру.
«Мен әлемді танимын» атты саяхат ойынына №3 мектептің оқушылары белсене қатысты. Оқырмандар арасында әлемдегі мемлекеттер туралы сұрақтар қойылып, олардың білім көкжиегі тексерілді. Оқушылар шара барысында «1100 қызықты дерек» сериясымен шыққан «Мемлекеттер», «Әлемнің қасиетті жерлері» атты ағылшын тілінен аударылған кітаптармен танысты. Аталмыш кітаптардың ішінде қамтылған мол ақпараттар жас жеткіншектердің көңілінен шығып, көкейіндегі көптеген сұрақтарға жауап алуына мүмкіндік берді. Кітапхана қызметкері А.Бектас оқырмандарды кітап арқылы әлемді тануға үндеп, өмірді танып-білудегі кітаптың маңызын ерекше атап өтті.







