Мақсаты: Өскелең ұрпақтың отан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту; туған жері мен елін сүюге үндеу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге шақыру; достық пен адамгершілікке тәрбиелеу

Республика күніне орай кітапхана қызметкері А.Бектас «Денсаулық» жекеменшік медициналық колледжінің «Емдеу ісі-26» тобының студенттерімен «Мен Отанның бақытты ұланымын» атты ерлік сағатын өткізді. Шара барысында Республика күнінің тарихы айтылып, еліміздің қалыптасуына еңбек сіңірген қайраткерлер туралы кітаптар таныстырылды. «Қыран елім Қазақстаным» атты кітап көрмесінде Республика күніне орайластырылған мерзімді басылымдар және әдеби кітаптар таныстырылды. Студенттер республика тақырыбына арналған өлең жолдарын оқып, Отанды жақсы көру тақырыбындағы ойларымен бөлісті.